«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында, «Ұлы дала шежіресі – Ата заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға филиал және аудан қызметкерлері қатысты.
Ата заң асқақталған күн
1,219
оқылды

Қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ұжымды Конституция күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Ата заң бүкіл құқықтық жүйенің өзегі бола тұра, өзге заңдардың мәні мен мағынасын айқындай түсетін, республиканың тұрақты және үдемелі дамуының берік іргетасы болып табылатынын баса айтты.

Бұдан кейін қатысушылармен Конституцияның референдум кезінде өзгертілген баптары талқыланып, мән-маңызы тарқатылып айтылды. Шара соңында белсенді қызметкерлер марапатталды.

Н.НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы