Облыс аумағындағы партия филиалында Конституция күніне орай жалпы саны 50 партия мүшесімен толықты.
Ақмола облысында Конституция күніне орай «AMANAT» партиясы жаңа мүшелерімен толықты
881
оқылды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалында партия қатарына жаңадан енген азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттері табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Жиын барысында партия филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалинов партияның алға қойған басты маңызды міндеттерін жүзеге асыру жобаларын атап өтіп, партия қатарын толықтырған азаматтар құттықтап, алдағы атқаратын жұмыстарына табыс тіледі. 

Облыс аумағындағы партия филиалында Конституция күніне орай жалпы саны 50 партия мүшесімен толықты. 

Жалпы бұл күні сонымен қатар партия филиалы Ақмола облысының әділет департаментімен бірлесіп «Ата заңым – айбыным» атты акция аясында азаматтарды қабылдау өткізіліп, заңдық тұрғыда азаматтарға түсініктемелер берілді. Азаматтық қабылдау шарасына келген тұрғындарға адвокаттар, нотариустар мен жеке сот орындаушылары заңгерлік тегін көмек көрсетті. 

Айта кетсек жалпы Ақмола облысында бүгінде 38 мыңнан астам партия мүшесі бар. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы