2022 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шыққан «Jibek Joly» телеарнасы хабар таратқан бір жыл ішінде қазақстандық басты арналардың тізімінен көрініп, рейтингте ТОП 10-дыққа енді. Телеарнаның үлесі қазір 7 есе артты.
«Jibek Joly» командасы өзінің алғашқы телемаусымында әлемдік саяси және діни көшбасшылардың сапарынан ондаған тікелей эфир таратты. LIVE режимінде шет мемлекеттер президенттерінің Қазақстанға мемлекеттік сапарлары мен маңызды халықаралық форумдар көрсетіліп, сайлау науқанына байланысты телемарафондар өткізілді. Сондай-ақ 2023 жылдың көктемінде робот камералы жаңа технологиялық жаңалықтар студиясы және Мәжіліс пен Үкіметтегі мобильді студиялардың тікелей эфирдегі жұмысы іске қосылды.
«Осы уақытқа дейін біздің жаңалықтар қызметіндегі әріптестеріміз еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен 9 000-нан астам материалды эфирге шығарды. «Jibek Joly» тілшілері елдегі төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеді, Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жою ісін үздіксіз жариялап отырды. Бұл ретте олар өз жұмысын сапалы әрі жедел атқарды», – деп атап өтті «Jibek Joly» телеарнасының директоры Еркежан Күнтуғанқызы.
Прайм-тайм хабар таратудың бірінші жылында «Jibek Joly» танымал медиа-тұлғалар – Нұрлан Қоянбаев, Ләйла Сұлтанқызы, Санди Сұлтан, Бейбіт Әлібеков, Майя Бекбаева, имам Нұрлан Байжігітұлы қатысқан 16 жаңа тележобамен нығая түсті. Сондай-ақ, Ерболат Мұхамеджанның «JJ Talk» және Ғазиз Әбішевтің «Фокус внимания» сынды қоғамдық-саяси жобалары да сәтті жүзеге асты.
Қазақстандық көрермен үшін жетістік драйверлері – арнаның танымал әлеуметтік жобалары: «Шетелдегі қазақ балалары», Ләйлә Сұлтанқызының «Ана болғым келеді» атты авторлық бағдарламасы болды.
Музыкалық арнайы жобалар аясында «Jibek Joly» көптеген фестивальдің бас медиа серіктесіне айналды. Қазақстандық көрермендер қайта оралған «Азия Дауысы» байқауының телемарафонын біз арқылы қайта көрді. «The Spirit of Astana» халықаралық этникалық музыка фестивалі Silk way арнасының көрермендеріне ұсынылуда. Сондай-ақ, еліміздің 5 өңірінде осы жазғы маусымда арнайы жобалар өткізілді.
Ішкі өндірістің деректі жобалары да сәтті шықты. Ол «Наша история» топтамасы және білім, ғылым, экология, денсаулық сақтау, аймақтарды дамытуға және ұлттық құндылықтарға арналған деректі фильмдер. Біздің деректі кино орталығының жұмыстары халықаралық марапаттарға ие болды, эфирде және әлеуметтік желілерде қаралым көрсеткіші бойынша көш бастады.
Жаңа маусымда Президенттің ТРК құрылымында бірден үш медиа-ресурс жұмысын бастайды. Олар отбасылық арна «Jibek Joly», әлемнің 100-ден астам елінде аудиториясы бар спутниктік арна «Silk Way» және спутниктік киноарна «Silk Way Cinema».
«Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» - Қазақстанның толық өндірістік цикліндегі ірі медиа-компанияның бірі. Қазіргі уақытта холдингтің құрамына бірнеше ірі медиа-активтер кіреді: «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі, «Jibek Joly» және «Silk Way» телеарналары, «Silk Way Cinema» киноарнасы, Деректі кино орталығы.
Бірінші ұлттық спутниктік телеарна «Jibek Joly» арнасы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылды. HotBird 13B, Galaxy 19, Yamal 401 90° (FSU), Türksat 3A, KazSat 3 (Қазақстан) және MEASAT 3A спутниктері арқылы жаңартылған «Silk Way» брендімен телеарна әлемнің 118 елінің көрермендері үшін 5 тілдік нұсқада – қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, қырғыз тілдерінде қолжетімді. «Jibek Joly» ұлттық телеарнасы мен оның «Silk Way» спутниктік нұсқасының жиынтық аудиториясы қазіргі уақытта әлем бойынша 300 миллионнан астам көрерменге жетті.