Әнші Динара Қырықбаева әлеуметтік желіде балаларымен бірге түскен бейнежазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Видеода әнші өзінің тұрмысқа шығуына балалары қалай қарайтынын сұрағанын көруге болады. Осы орайда қыздары анасына қолдау білдірсе, ұлы қарсы екенін айтқан.
«Қыздарымның «Иә» дегені менің бақытты болғанымды қалағаны… Ал ұлымның «Жоқ, сен мені жақсы көрмей кетесің ғой» дегені жүрегіме тиді… Балам-ау, сен менің жүрегімдегі орныңды ешкімге бермейсің ғой. Қанша жерден өмірім өзгерсе де, сендерге деген махаббатым ешқашан өзгермейді. Мен сендердің тек бақытты болғандарыңды ғана емес, өзімнің де бақытты болғанымды көрсе екен деймін. Бірақ бір нәрсені ұмытпаңдаршы, балапандарым: ана жүрегіндегі әр баланың орны бөлек, ешкім ешкімнің орнын баса алмайды. Мен үшін сендер өмірімнің ең қымбат сыйысыңдар. Ал менің бақытты болуым сендерге деген махаббатымның азаятынын білдірмейді. Сендерді кеше де, бүгін де, ертең де шексіз жақсы көремін», - дейді әнші.
Айта кетейік, Динара Қырықбаева жеті жыл бұрын жолдасымен ажырасқан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
