Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
31 тамыз, 1-2 қыркүйек күндері найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжануда.
Солтүстікте түнгі уақытта ауа температурасы +5..+10 градус, күндіз +10...+18 градус жылы болады. Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Сондай-ақ күндіз ауа температурасы біртіндеп +25...+30 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.