Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Білім күні қарсаңында оқушылар мен ата-аналар және ұстаздарға тілегін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрі ата-аналарға үндеу жасады
922
оқылды

ТЖМ халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық беріледі. 

«Министрлік төтенше жағдайларды жоюдан алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет», – деді министр.

Бұған дейін Түркістан облысында бір әулеттен 11 адам бір күнде суға кеткенін хабарлағанбыз. Оның ішінде, басым көпшілігі балалар мен жасөспірімдер болған еді.