«Қазгидромет» 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін
498
оқылды

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронт әсерінен күн райы құбылмалы болады. 

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігіне, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Жауын оңтүстік-шығыстағы тауларда жаңбыр, таудың төбесінде қар жауады. 

Батыс, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша найзағай ойнап, жел соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.