Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, – деп хабарлайды Ақорда.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;
Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта жасақтау туралы Жарлыққа қол қойды.
Фото: aigak.kz