Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда жаңа 5 министрлік құрылды
1,238
оқылды

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен жаңа министрліктер құрылды, – деп хабарлады Ақорда.

Атап айтқанда,

  • Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.