Cібір жарасын жұқтырған ет өнімдері қазақстандық сауда сөрелеріне түскені туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Қазақстанда сауда сөрелеріне сібір жарасын жұқтырған малдың еті түскені туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ақмола облысының Қосшы қаласында сібір жарасы ошақтарының болуы туралы хабарлама да – жалған», – деп мәлім етті министрліктен.