CTS баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 31 тамыз күні сағат 21:40-та Тайбурыл көшесінен Үшқоңыр көшесіне дейінгі бағытта болған.
Астанада автобус пен пойыз соқтығысты
3,987
оқылды

Астанада жолаушылары бар автобус жол ережесін бұзып, пойызға соқтығысты. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Astanovka Telegram арнасында автобус және пойыздың қатысуымен болған жол апатының видеосы жарияланған. Видеоның сипаттамасында №30 маршруты бойынша жүретін автобустың жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, тепловозбен соқтығысқаны туралы жазылған. CTS баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 31 тамыз күні сағат 21:40-та Тайбурыл көшесінен Үшқоңыр көшесіне дейінгі бағытта болған.

"№30 маршруты бойынша жүретін автобустың жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, теміржол өткелінде жол белгілері мен бағдаршамды елемей, тепловозға соқтығысқан. Оқиға орнына келген полиция қызметкері маршруттық транспорт құралының жүргізушісіне қарсы әкімшілік хаттама толтырды", – деп хабарлады компания өкілдері.