Әрине, суды басқаруды жеке орган құрмай да тиімді етуге болады дегендей қарсы уәждер де болды. Бірақ су адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортасынан бастап экономиканың қай саласын алсақ та, басты тапшы ресурс екенін, оны бір саланың жетегінде отырып тең үлестіріп басқарудың мүмкін емесін ескерген дұрыс. Осы тұрғыдан жеке органның құрылуы саланың дамуының алғышарты деуге болады.
Салада кезек күттіретін мәселе қалған жоқ, ахуал солай. Оған мысал Президенттің кешегі Жолдауы, онда су тапшылығы да, трансшекаралық өзендер де, бағалау мен болжамдау да, тиімсіз су пайдалану және басқа бәрі де қамтылған. Соның негізінде саланы басқарудың басты құралы – еліміздің су стратегиясы жасалғаны дұрыс деп санаймын.
Саят Әлімқұлов,
«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ
басқарма төрағасының орынбасары