Парламент палаталарының бір­лескен отырысында Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әді­летті Қа­­зақстанның эконо­ми­калық бағ­дары» атты Қазақ­стан халқына Жол­дауын жария­ла­ды.
«Жолдаудың  арқауы – жүйелі» – Нұртөре Жүсіп
510
оқылды

Өткен Жолдаудың орын­да­лу барысынан хабардар етті. Нақты іске асқан шаралардың бір­не­ше бөлігін ғана атап өтті. Бір сөз­бен айтқанда, талай жұмыс атқарыл­ғаны рас. 

Елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілгенін бәрі­­міз жақсы білеміз. Небәрі бір жарым жылдың ішінде көп­теген түбегейлі  өзгеріс жасалды. Билік тармақтары арасында тиім­ді те­пе-теңдік жүйесі орнықты. Басқару жүйесі ықпалды Пар­ламенті бар президенттік республика үлгісіне көшті. Елі­міз­де «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкі­мет» қағидасы берік негіз қалады. «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» қағидаты өз нәтижесін беріп жатыр.

Қазір жаһандық экономика және халықаралық еңбек на­рығы күн сайын өзгеруде. Технологиялық бәсеке мықты мем­лекеттердің өзіне тізгін ұстатпай тұр. Қай жаққа қарасаңыз да ресурстар үшін талас пен тартыс. Осындай жағдайда Қазақстан эко­номикасының басты бағыт-бағдары қалай болмақ? Пр­е­зидент өз Жолдауында осыны айқындап берді.

«Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономи­ка­лық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның эко­номикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік ар­тықшы­лық­тарын тиімді пайдалануға және өндіріс сала­сын­дағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі фак­торлардың әлеуе­тін барынша ашуға негізделеді. Жаңа эко­номикалық саясатта жүзеге асуы екіталай. Сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын мін­деттің бәрі үш жылдың ішін­де орындалуға тиіс. Ал аса күр­делі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекі­ті­ле­ді», – деп нақты мерзімді белгіледі.

Біз өңірлерде болғанымызда мемлекеттік сатып алу жүйе­сінің көптеген кемшілігін көрдік. Көп жағдайда бітпейтін дау-дамай өрістеп жатады. Осыған орай Мемлекет басшысы жаңа мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізуді тапсырған бола­тын. Үкімет жаңа заң жобасын әзірледі. Бұл құжат бюджет қар­жысын үнемдеп әрі есеп бере отырып жұмсауға септігін ти­гізеді деп отырмыз.

Бізге керегі «Баға емес, сапа» қағидаты. Президент айтқан­дай, дем­пингке тиімді тосқауыл қойылса және үдерістер толық авто­маттандырылса, халықтың талай шаруасы тез шешілген болар еді. 

Ең маңызды нәрсе – Адамның жаны, ұлттың рухы! Мем­лекет басшысы «Адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік бол­май­ды. Әрбір ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат бол­са, әділдік орнайды» деген аталы сөз айтты. Міне, ендігі таң­да қоғамды осы мақсатқа жұмылдыру, жүйелі ұлттық ұста­ным орнықтыру өте өзекті деп есептеймін.