Күдікті Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды
Оралда «трамадол королі» атанып кеткен Николай Карпов ұсталды
3,109
оқылды

Орал қаласында «трамадол королі» атанып кеткен Николай Карпов ұсталды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласының 1976 жылғы тұрғыны 2 қыркүйекке қараған түні қолға түсті.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, ол ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшердегі алаяқтық) сәйкес күдікке ілініп отыр.

Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Күдікті Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.