Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Наталья Дементьева Президентттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі қадамдарға тоқталып, ел экономикасын дамытуға бағытталған тұстарын ерекше атап өтті. Бұл туралы депутат өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Биылғы Жолдаудың мәні ерекше! Өйткені Парламент, Үкімет және басқа да құзырлы органдардың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін бұл іс-шара өте маңызды.
Жолдаудың кей бағытына қысқаша тоқталсам:
2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты.
Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру. Бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн.
Сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет. Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісім-шарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. ОТАНДЫҚ өнім өндірушілерге приоритет беруіміз керек!!!
Ерекше бір мәселе - еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту мәселесі. Сол үшін арнайы фонд құрылады.
«Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет.
Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі де өте өзекті. Алдағы 5 жылда кемінде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады. Қазір екінші ГРЭС-ті кеңейту жобасы жүзеге асырылып жатыр, үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталады»
Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық РЕФЕРЕНДУМ шешу керек!
Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады»
«Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласы. Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс. Құрықты Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыруымыз қажет. «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізі де өте маңызды. Сол арқылы Парсы шығанағына шығуға болады. Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен айналысады»
IT саласына да ерекше мән беру керек. Жасанды интеллект мүмкіндігін толық пайдалану қажет! Креативті индустрия орталықтары тек ірі қалалары - Алматы, Астана, Шымкентте ғана емес облыс орталықтарда болу керек!
Бала құқығына ерекше көңіл бөлу керек! Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейту қажет!
Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеру керек!
Бұл бірнеше басты бағыттар ғана. Алдымызда үлкен жұмыс - Президенттің Жолдауында көтерілген мәселелерді шешуге бағытталға жобаларды жүзеге асыру. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі - Ел экономикасының дамуына арналған нақты қадамдар мен ұсыныстар! Енді бәріміз бірігіп іске кірісейік! Еліміздің болашағы - біздің қолымызда!» - деп жазды ол.