Әнші Әбдіжаппар Әлқожа отау тіккен күніне орай жарына жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жазды.
«9 жыл қасыңда болмадым»: Әбдіжаппар Әлқожа жарына көлік сыйлады
19,803
оқылды

"Махаббатымның бәйбішесі туған күнің құтты болсын. Үйленгенімізге 9 жыл болса, 9 жыл сені бірде-бір жыл дұрыс құттықтап, қасыңда болмаппын. Осы жылы, осы жолы барымша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің, Оригиналым. 4 сағатта ұйымдастырған осы кеште әрқашан қолдайтын алтын достарыма алғысым шексіз", – деп жазған әнші.

Желі қолданушыларды әйеліне автокөлік сыйға тартқан Әбдіжаппарды мақтап, үлгі тұтуға шақырды.