Мемлекеттік кірістер комитеті 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің декларациясын электронды тапсыру мерзімі аяқталатынын мәлімдеді.
Декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына он екі-ақ күн қалды
699
оқылды

Биыл активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайы алғаш рет табыс етеді.

Мұндай ұйымдарға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар және олардың жұбайы (мұндай ұйымдардың штаттық қызметкері еместер) 2023 жылы декларацияны табыс етпейді.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), «электронды үкімет» порталы (egov.kz) көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты жерінде табыс етеді.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудың толық нұсқаулығы мына видеода.