Синоптиктер елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады, бұршақ жауады деп болжайды.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр болады деп күтіледі, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) болады. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша найзағай ойнау, екпінді жел, бұршақ түсу түріндегі қолайсыз ауа райы басым. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі".
Жамбыл облысы, Қызылорда өңірінің шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.