Күні кеше Мемлекет басшысы халыққа өз жолдауын арнады. Жолдауды тыңдап отырып үлкен серпіліс, жаңа бағыттардың жүзеге асатынын айқын байқадық. Мемлекет басшысы елді одан әрі дамыту үшін электр энергиясы аса қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Қазірдің өзінде электр қуатына үлкен тапшылық бар.
ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДА ҰСЫНЫЛҒАН РЕФОРМАЛАРДЫҢ ТЕЗІРЕК ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН КҮТЕДІ
758
оқылды

Оны шешудің жолдарының бірі – АЭС салу.

Бұл ретте АЭС салу туралы шешім азаматтардың пікірін ескере отырып, ашық түрде қабылданатыны дұрыс. Дәл қазір де солай болып жатыр.

Ашық тыңдаулар жұртшылықты не толғандыратынын түсінуге мүмкіндік берді. Бұл, ең алдымен, экологиялық қауіпсіздік, жобаның құны мен оны кім жүзеге асыратынына байланысты болмақ.

Осы сұрақтарға уәкілетті мемлекеттік органдардан жауаптар берілуі тиіс. Семей полигонынан кейін белгілі бір фобиялар бар.

Уәкілетті мемлекеттік органдар осы сұрақтардың барлығына жауап беруі керек. Барлық оң және теріс жақтарын айтуы тиіс. Сонда ғана қоғам салмақты шешім қабылдай алады деп ойлаймын.

Шетелдік инвесторлардың жұмысы үшін жағдайларды қатаңдату мәселесі бойынша.

Қарағанды облысының шахтасында болған апат – баршамыз үшін ауыр қайғы болғаны рас. Қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мұның енді қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет.

Президент тиісті тапсырмаларды берді. Қазір тергеу нәтижелерін күтуде. Кінәлілер лауазымдарына қарамастан заңмен қатаң жазалануы керек.

Кез келген шетелдік немесе отандық инвестор өндіріс қауіпсіздігі, адамдардың өмірі мен денсаулығы мемлекет үшін басты басымдық екенін түсінгені дұрыс.

Бұл біздің заңдарымызда анық жазылған. Мемлекеттік органдар мұны қатаң қадағалап отыруға міндетті.

Бұл проблемаларды уақытылы анықтауға және ол бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Енді мектептерде діни киімдер кию мен ғибадат бөлмелерін ашуға қатысты айтатын болсам. Мектептің басты міндеті – балаларға білім беру. Барлық жұмыс осыған бағытталуы керек. Балаларды оқудан басқа ештеңе алаңдатпауы керек.

Сондықтан мектепте мектеп формасын кию керек деп есептеймін. Балалардың әлеуметтік, діни немесе басқа белгілермен бөлінуіне жол бермеуіміз қажет. Бұл тәжірибе әлемнің озық елдерінде де бар. Бізге осы бағытты ұстану керек.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

А.САЛИМОВ