Көкпарды ұйымдастырушы бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.
Алматы облысында көкпар тартқан жігіттерді жауапқа тартты
2,083
оқылды

Полицейлер республикалық маңызы бар тасжолда кешкі уақытта көкпар тартқан шабандоздарды анықтады.

Бұл туралы Алматы облысының полиция басшысы Бауыржан Әленов өзінің Іnstagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Айтуынша, осы жылдың 2 қыркүйегінде сағат 21:40-та Қонаев қаласында орналасқан «Береке» кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар автожолының бойында, бір топ адам көкпар ойынын өткізгені туралы хабарлама түскен.

«1979 жылы туған азамат, балаларының туған күніне орай, Қонаев қаласының шетінде «Көкпар» ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қонаев қалалық полиция басқармасына жеткізді. Барлық қатысушы ҚР ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп жазды Бауыржан Әленов.

Сонымен қатар, көкпарды ұйымдастырушы бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.