Ерік Ысқақов – төрт баланың әкесі.
Сержант 15-қабаттан секірмек болған жасөспірімді құтқарды
562
оқылды

Астанада жасөспірім 15-қабаттан секірмек болған. 83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі сержант Ерік Ысқақов қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

20 тамызда қызметкер Астананың оңтүстік-шығыс шағынауданында тұратын туыстарына келген.

"Күтпеген жерден жиенім көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек болғанын айтып айқайлады. Мұны көріп, кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-ші қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым", – деді Ерік Ысқақов.

35 жастағы әскери қызметкер Ерік Ысқақов – төрт баланың әкесі. Түркістан облысы Арыстың оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қатысқан болатын. Ол оқиғаға бей-жай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды.