Қар аралас жаңбыр жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, дауыл соғады.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде уақытта жаңбыр жауады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 5 қыркүйекте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта +2+10-ға дейін төмендейді. Күндіз +10+20 градус болады.