Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға өсті.
Жолдау жүктеген міндет ауқымды – Гүлзат Құрманбаева
824
оқылды

Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаева Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына қатысты пікір білдірді. Депутат білім саласына көрсетіліп келе жатқан қолдау шараларына ерекше тоқталып өтті. 

«2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп келе жатқанын білеміз. «Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Сондай-ақ Президент «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынғанын айтты.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру біздің ауданда да басталды. Оның аясында 740 мың орынға арналған 369 мектеп салынатын болса, бұл бойынша Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1,3 га жер телімі белгіленді. Биылғы жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы мектеп құрылысы басталатын болады. Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға өсті. Бұл білім саласына көрсетілген қолдау және білім алушы жастарға үлкен мотивация дер едім.

Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары», – деді ол.