Алматыда қатты жаңбыр жауады. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады.
Таратылған хабарламада 4 қыркүйекте Алматының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болатыны айтылған. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдыруға қатаң тыйым салады!
- Сонымен қатар жел қатты күшейгенде мына әрекеттер ұсынылады:
- ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үйде болыңыз);
- үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан балкондар мен лоджияларды ашыңыз, үйіңізге зиян келтіретін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
- сыртта болғанда, ең жақын кіреберіске немесе дүкенге кіруге тырысыңыз.
- Билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттарға, үйлердің қабырғаларына тығылу мүмкін еместігі атап өтіледі, өйткені шатырлардан шифер және басқа да шатыр материалдары құлауы мүмкін.
"Қатты жел кезінде электр желісінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті", - деп қорытындылады ТЖД.