Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған ка­деттер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 мемле­кеттен 160-тан астам спортшы қатысты.
Үш палуанымыз әлем чемпионы атанды
3,051
оқылды

Қазақстандық палуандар әлем чемпионатында 3 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальді еншіледі. Сейт­керім Дамир (48 кг), Жолдақан Ердаулет (55 кг) және Жандос Мұста­фаұлы (60 кг) алтын медаль жеңіп алды. Омар Жасұлан (65 кг) мен Жыл­қышыбай Айқын (71 кг) «күміс­ке» қол жеткізді. Ал Камидин Рүстем (51 кг) қола жүлде алды. Сондай-ақ ко­мандалық есепте Қазақстан құра­масы 1-ші орынды, Қырғызстан 2-ші орынды және Армения 3-ші орынды иеленді. Айта кетсек, Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақым­данған кадеттер арасында әлем чем­пионаты 2-3 қыркүйек аралығында өтті. Әлем чемпионаты 4-6 қыркүйек аралығында жастар және ересектер арасында жалғасатын болады. Ал 7-11 қыркүйек аралығында спорт­шылар еркін күрестен өнер көрсетеді.