Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды.
Құмар ойынға қарсы шара қажет
1,211
оқылды

– Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуел­ділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке ай­нал­ды, – деді Пре­зи­дент.

Президент осы жаман әдетке, әсіресе жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік орган­дар­ға азаматтардың жекеле­ген санаттары үшін құ­мар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тап­сырды.

– Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен тү­сіндіру жұ­мыс­тарына ерекше мән берілуге тиіс, – деді Президент. Осыған бай­ланысты Мемлекет бас­шысы салалық министрліктерге нақ­ты міндет­тер жүктеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойын­ға тәуел­ді азаматтардың қатысы бар қыл­мыс­тар көбейгеніне құқық қорғау органдарының на­за­р­ын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заң­дылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы ба­ғыт­талған әлеуметтік дағдыларды қа­лыптастыруда қоғам­ның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ойын бизнесі са­­ласындағы қар­жылық және басқа да құқықбұзу­шылықтардың алдын алу жұмыс­тарын жандандыру қажет екеніне назар аударды.

– Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қай­шы әре­кет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды, – деді Президент.

Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бір­қатар мемле­кет­тік орган басшылары баяндама жа­сады.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеоло­гиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.