Тіпті, студенттердің 80 процентінің банктерге берешегі бар. Қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан отандастарымыз үсті-үстіне несие алып, қарызды қарызбен жауып жүр.
Мәселені шешу үшін «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруда. Мамыр айынан бері 8 өңірде 39 мыңға жуық адам қаржысын жүйелі жұмсауды үйренді. Партиялықтар алдағы уақытта білім беру аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев: «Айына төлейтін кредиттің деңгейін түсіріп, мерзімін ұзартып нақты көмек көрсетіп жатырмыз. Енді жоба келесі жылы барлық 20 өңірде іске асатын болады. Осы мәселені болдырмау үшін мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында да осы білімді, осы тәлімді беру керек деп шешіп отырмыз», – деді.
Бұған дейін осы бағдарламаға қатысып, қарызынан құтылып, депозит жинап жатқан ана туралы жазған болатынбыз.
Фото: teendrugtest.net