Полиция, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, көліктік бақылау инспекциясы мен халық өкілдері арасынан біріккен мобильді топтар құрылып, жол мен көлік тұрақтарында рейд жүргізді.
ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекованың айтуынша, барлығы 600-ден астам рейд жүргізіліп, нәтижесінде 679 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Профилактикалық шара барысында түсіндіру жұмыстарымен 10 мыңнан астам адам, оның ішінде, 6 мыңнан астам жүргізуші қамтылды.