Биыл жыл басынан бастап Әлеуметтік қызмет порталы арқылы шамамен 305,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің, 38,5 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өзі алып кете алады.
Бүгінде порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 482 ОТҚ жеткізуші, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 703 ымдау тілі және 104 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.