Мемлекеттік техникалық қызмет хакерлердің Trojan Downloader вирусын тарататын ресурсты анықтады. Бұл туралы Aikyn.kz Мемлекеттік техникалық қызметке сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік техникалық қызмет хакерлік шабуыл туралы ескертті
1,212
оқылды

Мемлекеттік қызмет алу туралы сұрау салуға қол қою үшін  NCALayer-ді орнату қажет.  Мемлекеттік техникалық қызмет ашқан кезде NCALayer-ге арналған жаңарту ретінде  Trojan Downloader  түріндегі зиянды бағдарлама жүктеліп, іске қосылатын hxxps://ncalayer.info/update.php фишингтік интернет-ресурсты айқындады. 

GitHub кодының белгілі репозиторийін қамтитын шифрды ашу мен жүктеулер тізбегінен кейін компьютерге бұзылған нұсқасы хакерлік даркнет форумдарда таратылатын Venom RAT v6.0.1 зиянды бағдарлама орнатылады.

Бұл зиянды бағдарламаның ерекшелігі оның кейлоггер, деректерді ұрлап, компьютерді қашықтан жасырын басқарады (VNC). Нәтижесінде, пернетақтада терілетін акқпаратты оқуға, парольдерді, браузерлерден  көруге, сондай-ақ сыртқы қосымшаларды орнатуға мүмкіндігі бар.

Мұндай бағдарламалар азаматтардың жеке ақпаратына қауіп төндіреді. 

KZ CERT компьютерлік инциденттерге ұлттық әрекет ету қызметі домендік аттың шетелдік тіркеушісіне қажет шаралар қабылдау туралы ақпарат жолдады. 

Сонымен бірге  ішкі ақпарат алмасу платформасының көмегімен мемлекеттік органдар мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарына хабарламалар жіберілді.