Әлеуметтік желіде Қостанайдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жеделсаты ішінде итті ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Аталған оқиға полиция назарына да ілікті.
Қостанай қалалық полициясы арнайы тексеру жүргізіп, видеодағы ер адамның иттің иесі екенін анықтады.
"Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 407-1-бабы 1-бөлігі, 407-2-бабы 1-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Бірінші баптың санкциясында 5 АЕК, екіншісінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған", – делінген полиция хабарламасында.