Арнайы операция барысында 9 адам ұсталып, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Саунада заңсыз құмар ойынын ұйымдастырғандар ұсталды
926
оқылды

Қостанай полицейлері заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымның ойын бизнесі саласындағы қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді. Басқарма бастығы Серік Байгонов түсіндіргендей, құмар ойын үшін жалдамалы сауналардың ішінде бөлек бөлме пайдаланылған. Ол үшін фишкалар, карталар, сүйектер, ұялы телефондар қолданылған.

Арнайы операция барысында 9 адам ұсталып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.