Оқиға Сырым ауданы Аралтөбе ауылында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Батыс Қазақстанда атыс болып, бірнеше адам жараланды
931
оқылды

Оқтан жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілді.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 қыркүйек күні сағат 18.45-те болды.

Спирттік ішімдік ішіп, 1975 жылғы ер адам аңшы мылтығынан 34 жастағы тұрғынға оқ атқан. Ұшқан бытыра өтіп бара жатқан 1964 жылғы әйел мен екі жасар сәбидің аяғына тиген. 

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сырым аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Сабыр Меңдешевтің айтуынша, ауруханаға түскен үш адамның жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында. Оның айтуынша, көрші аулада төбелес болып жатқан кезде әжесі мен екі жасар немересі сонда барған.