Қазіргі Apple смартфондары өзге бәсекелестері қолданатын қуаттау кабелін қолданбайды. iPhone құрылғылары меншікті Lightning адаптерін пайдаланады. Apple компаниясының жаңа 15-ші iPhone-ында қуаттау көзі өзгертілді.
ЕуроОдақ заңына бағынған алмалы компания USB-C қуаттау кабеліне ауыспақшы.
Жаңа iPhone-15-те қуаттау көзі өзгерді
2,137
оқылды

Apple компаниясының жаңа 15-ші iPhone-ы 12 қыркүйекте таныстырылады. Оның қуаттау көзі өзгертілді, бұрынғы iPhone-дар тек Lightning кабелін қолданса, 15-ші нұсқадан бастап алмалы компания USB-C қуаттау кабеліне ауыспақшы. Бұның себептерін BBC News басылымына сілтеме жасаған Aikyn.kz түсіндіреді.

Фото BBC News сайтынан алынды 

Қазіргі уақытта Apple смартфондары Samsung сияқты басқа бәсекелестері қолданатын қуаттау кабелін қолданбайды. iPhone құрылғылары меншікті Lightning адаптерін пайдаланады.

Ал Еуропалық Одақ заңы телефон өндірушілерден тұтынушылардың ақшасын үнемдеу және қалдықтарды азайту үшін 2024 жылдың желтоқсанына дейін бірыңғай зарядтау қосылымын қолдануды талап етеді.

Apple компаниясының жаңа өнімдерінің көпшілігі, мысалы, соңғы iPad құрылғылары қазірдің өзінде USB-C пайдаланады, бірақ бірнеше жылдан бері компания ЕуроОдақ ережесіне қарсылық көрсетіп келеді. Енді жағдай өзгерген сияқты.

Төмендегі видеода сымсыз қуаттаудың ыңғайлылығы мен кемістіктері айтылады:

 

2021 жылдың қыркүйегіндегі жаңа модельдерді таныстыру кезінде Apple өкілі BBC News-ке: «Қосқыштың бір түрін ғана пайдалануды қатаң түрде талап ету инновацияны ынталандырудың орнына тұншықтырады, бұл өз кезегінде Еуропадағы және бүкіл әлемдегі тұтынушыларға зиян тигізеді», – деген еді. 

Lightning-USB-C адаптерлері басқа электроника брендтерінде, соның ішінде Amazon-да да қолданылып жүр. Ал 2017 жылы шығарылған iPhone-8 және одан жаңа барлық смартфондар сымсыз зарядтауды қолдайды.

Қазіргі iPhone-14 Lightning кабелін қолданатын соңғы нұсқа болмақшы, яғни, Apple дүкенінде 24 долларға сатылатын Lightning кабелінің ғұмырының аяқталуы болуы мүмкін. Төменгі суретте ең көп таралған қуаттау қосқыштары көрсетілген: USB-C, Micro USB және Lightning.

Келесі аптада Apple-дің жыл сайынғы күзгі таныстырылым шарасында ұсынылатын жаңа iPhone-15 және iPhone-15 Pro құрылғыларында өзгерістер күтілуде. Bloomberg жаңалықтарының хабарлауынша, iPad, Mac және iPhone құрылғылары үшін бір стандарттағы кабельмен қуаттау пайдаланушыларға өте тиімді және жүктеу жылдамдығы да едәуір өседі.

Фото BBC News сайтынан алынды 

ЕуроОдақ заңына сәйкес, ортақ қуаттау ережесі «шағын және орташа өлшемді портативті электроника» түрлерін қамтиды, соның ішінде: мобильді телефон, планшеттер, электронды кітаптар, тінтуірлер мен пернетақталар, GPS құрылғылары, құлаққаптар мен гарнитуралар, цифрлық камералар, портативті ойын консольдері, портативті динамиктер.

Сымды кабельмен қуатталатын осы құрылғылардың кез келгенінде құрылғыларды кім жасағанына қарамастан USB Type-C порты болуы міндеттеледі. Ноутбуктер де ережелерді сақтауы керек, бірақ оларды өндірушілерге өзгерістер енгізу үшін көбірек уақыт қажет.

ЕуроОдақ мәліметінше, бұл тұтынушыларды «қуаттаушы кабельдерді сатып алудан жылына 250 миллион еуро үнемдеуге» және қалдықтарды жылына 11 000 тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.