Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: сот процесі тергеу изоляторында өтіп жатыр
1,324
оқылды

Биыл 13 шілде күні ауыл тұрғыны 5 жасар қызын талтүсте жоғалтып алған. Баласын шарқ ұрып іздеген ана қызын таба алмаған соң, полициядан көмек сұрайды. 

Полицейлер, ауыл тұрғындары бес жасар қызды жан-жақтан іздеді. Өкінішке қарай, кішкентай қыздың мәйіті көрші үйдің шатырынан табылды. 

Осы факті бойынша 6 қыркүйек күні сот процесі басталды. Сот процесі туралы адвокат Талғат Есімов Telegram арнасында жазды. 

Оның айтуынша, сот процесі өзге аймақтағы абақтыда өтіп жатыр. 

«Сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сот процесі өзге облыстағы тергеу изоляторында өтіп жатыр. Меніңше, күдіктіні қоғамнан өмір бойы оқшаулау керек», – деп жазды Талғат Есімов.

Айта кетейік, күдікті ер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Осы істің анық-қанығын тексеруге Президент тікелей тапсырма берді. Іле-шала Бас прокуратура мәлімдеме жасады.