Түркияда үш Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
СІМ өкілі Түркияда тағы бір қазақстандық қайтыс болғанын растады
1,331
оқылды

Аланияда болған көлік апатынан 2 қазақстандық қаза тапты. Қайтыс болған әйелдің күйеуі мен баласы ауруханаға жеткізілген еді. 

Бұл отбасы 31 тамызда Түркияға демалуға барған. Олар экскурсияға бару үшін көлікке отырған. туристер отырған машина басқа көлікпен соқтығысып, жолаушылар сыртқа ұшып кеткен.

Қаза тапқан журналист Арайлым Бағытжан «Зейін Атырау» балаларды оңалту орталығының негізін қалаған. СІМ ресми өкілі Арайлым Бағытжанның күйеуі ауруханада қайтыс болғанын растады.  

«Отағасы да қайтыс болды. Аман қалған ұлын туыстары Қазақстанға алып кетті. Осы отбасындағы үш адамның (әйелі, күйеуі, қызы) мәйітін бүгін Қазақстанға жібереді»,  – деді Айбек Смадияров. 

Бұған дейін біз Түркиядағы жол апаты туралы жазған болатынбыз.