8 әйел 3 қызды жабылып ұрып-соққан.
Семейде бір топ әйелдің үш қызды жабылып соққыға жыққан видеосы жарияланды
2,119
оқылды

Әлеуметтік желіде 8 әйелдің үш қызды жабыла ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарады.

 

Оқиғаның Семей қаласында болғаны анықталды.

«2023 жылдың 6 қыркүйегінде Семей қаласында жағаұстатарлық оқиға болды. 8 әйел 3 қызды жабылып ұрып-соққан. Қыздар қазір бас жарақаты және дене жарақаттарымен, сүйек сынуы және ісіп-көгеру белгілерімен ауруханада жатыр. Қыздарды бірден ауруханаға апарудың орнына, жергілікті полиция 4 сағат учаскеде ұстап отырған», – делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты Абай облыстық Полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

«Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. Жедел шаралар жүргізілу барысында жанжалдың 21-29 жас аралығындағы қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды