Өнер иесі Іnstagram-парақшасында жазба жариялап, көптің қойған сауалына жауап берді.
Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын растады
2,301
оқылды

Әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын растап, жазба жариялады.

Бұл туралы өнер иесі Іnstagram-парақшасында жазба жариялап, көптің қойған сауалына жауап берді.

"Достар, сіздер шындықты білуге лайықтысыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алаңдап жатқандарыңызға рақмет. Сондықтан "рас па, өтірік пе" деген ақпаратты "біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан", – деді ол.

Желі қолданушылары өнерпазды қолдап, түрлі пікір қалдырды.

"Балжан қанша қиындықта үй сатып, пәтерлеп жүргенде жанында жүрді, еркектерге бәрібір екені тағы дәлел", "Өте өкінішті. Әдемі жұп едіңіздер. Алла тіл көзден сақтасын. Қайта қосылуыңызды тілеймін", "Балжан күшті келін бола білді", "Балжан, сен Жаханнан жақсыға лайықсың", "Неге бір-біріңді оңай жібере салдыңдар, арада махаббат қайда қалды? Әлі қосылуды ойланыңдар", - деп жазды олар.