Атырау облысының солтүстік, оңтүстік, шығысында найзағай ойнайды.
7 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
617
оқылды

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Қызылорда облысында оңтүстік, оңтүстік-шығыстан қатты жел соғады, күндіз облыс орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 8-10 қыркүйек күндері облыстың орталық, шығыс, оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада 8-10 қыркүйек күндері жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстік, оңтүстік, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Атырауда 8 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, ал күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 8 қыркүйекте облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс орталығы мен солтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде өрт шығу қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 градус аяз сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

8 қыркүйекте облыстың таулы аймақтарында, Жетісу облысының Алакөл көлдері өңірінде солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей кезде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытқа ауысатын жел екпіні батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с дейін жетеді.

Осы күні Шымкентте найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда 8 қыркүйекте соққан жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Көкшетауда 8 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

8 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз солтүстік, оңтүстік бөліктерінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз найзағай ойнайды.

8 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с болады.

8 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күндіз найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

8-10 қыркүйек күндері Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда екпіні 15-20, ал 9 қыркүйекте 23 м/с. 8-10 қыркүйек күндері өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 9 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 8-9 қыркүйекте күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 8-10 қыркүйек күндері төтенше өрт қаупі сақталады.

8-9 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус аяз сақталады.