Полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.
Кәсіпкер Орал тұрғындарын құлдықта ұстаған
2,344
оқылды

БҚО Полиция департаментіне Ақжайық ауданындағы шаруа қожалық басшысы еңбекке пайдалану үшін Орал қаласының тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат келіп түскен. Бұл туралы Aikyn.kz Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шағымның рас-өтірігін анықтады. Арыздағы факті расталды. Орал қаласының тұрғындары арызданды.

Енді осы факті бойынша Ақжайық АПб-мен ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-бөлігіне ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бұған дейін ағасына құл болған екі қыз туралы жазған болатынбыз.