Бүгінде Ертіс-Баян өңіріндегі партиялықтардың саны - 48 591 адам
Павлодарлық әрбір төртінші тұрғын өндірісте, әрбір алтыншы тұрғын ауылда еңбек етеді – «AMANAT»
572
оқылды

Павлодарда «AMANAT» партиясы облыстық филиалының XL есептік-сайлау конференциясы өтті. Оған партия Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық филиалдардың атқарушы хатшылары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдары мен «Jastar Ruhy» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Бүгінде Ертіс-Баян өңіріндегі партиялықтардың саны 48 591 адамды құрайды және 213 бастауыш партия ұйымы табысты жұмыс істеп жатыр.

Конференция делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов еліміз реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқанын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының көптеген тармағы Павлодар өңірі үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Жаңа өнеркәсіптік саясат еліміздің ірі индустриялық өңірлерінің бірі ретінде Павлодар облысының дамуына серпін береді. Өңірдің әрбір төртінші тұрғыны өндіріспен байланысты, әрбір алтыншысы – ауылда еңбек етеді. Жолдауда айтылған шаралар Павлодар облысының ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм, сондай-ақ көлік-транзит секторындағы үлкен әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Жолдауды негізге ала отырып, партия Төрағасы Ерлан Қошанов партияластар алдында бірқатар міндеті белгіледі», - деп атап өтті Мәди Оспанов.

Мемлекет басшысы белгілеген партиялық жобаларды іске асыру – «AMANAT» партиясының алдына қойылған басым міндет. Қазақстандықтар арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» бастамасы тиімділігін көрсетті. Келесі жылы жобаны Павлодар облысында іске асыру көзделіп отыр.

«Жер Аманаты» партиялық жобасын іске асыру аясында биыл 5 млн гектарға жуық пайдаланылмаған жерді мемлекетке қайтару жоспарлануда. Павлодар облысында бос жатқан жердің ауданы шамамен 380 мың га құрайды, оның жартысына жуығы мемлекетке қайтарылды.

Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында партия «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыруда. Бұл жобаны іске асыру үшін партияластар кең ақпараттық жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда облыста бөлінген қаражат аясында 1,5 млрд теңге толық игерілді.

«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко өз сөзінде партияластарға атқарған жұмысы мен белсенділігі үшін алғысын білдіріп, бастауыш партия ұйымдарының маңыздылығын атап өтті.

«Бастауыш партия ұйымы – партияның негізі. Жаңғырту жағдайында және 20% көлемінде қайтарымды қаражат бастамасын енгізе отырып, 213 БПҰ-да партияішілік жұмыс табысты атқарылып жатыр. Есепті кезеңде барлығы 200 мыңнан астам адамды қамтитын, 12 000-нан астам іс-шара өткізілді. Өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың 12 бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Оларда 64 қабылдау өткізілді, оның барысында 395 адамнан өтініштер қабылданды. Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 60%-ы оң шешімін тапты, қалғандары бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктеме берілді», - деді партияның облыстық филиалының төрағасы.

Жыл сайынғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге назар аударып, Қазақстандағы ең ірі конденсаторлық үлгідегі жылу электр станциясы ретінде – Екібастұз 1-МАЭС-ты атап өтті. Б.Нұржанов атындағы Екібастұз кәсіпорнының бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Серьянов энергетиктер атынан Мемлекет басшысының барлық бастамасына қолдау білдірді.

«2022 жылдың қараша айында ЖЭО-да апат болған кезде бастауыш ұйымымыз апатты жоюға, Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуге белсенді қатысты. Біздің ортақ міндетіміз – қыста тұрғындардың үй жылы болуы үшін ауқымды дайындық жүргізу. 2023 жылдың тамыз айынан бастап 1-МАЭС станциясының мамандары Екібастұз қаласындағы 36 көппәтерлі тұрғын үйді 2023-2024 жж. күз-қыс маусымына дайындау бойынша жұмыс істеп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жалпы, Қазақстан электр энергиясымен қамтуда импортқа, көрші елдерге тәуелді болмауы тиіс. Қазір болып жатқан жағдайға барлық жағынан, ең алдымен мемлекеттің қауіпсіздігі тұрғысынан қайта қарау қажет» деді. Партияластардың, бастауыш партия ұйымының басым міндеті ел Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыруға атсалысу деп санаймын», - деп қорытындылады партия белсендісі.

Конференция аяқталысымен «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов Павлодар ауданының Жетекші ауылында болып, мәдениет үйі мен жаңа су құбыры құрылысының барысымен танысты. Бірқатар себепке байланысты мұндағы құрылыс жұмысы белгіленген мерзімде аяқталмауы мүмкін. «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова барлық нысандағы құрылыс жұмысы партиялық бақылау комиссиясының назарында екенін атап өтті.

«Жетікші ауылындағы мәдениет үйін мердігерлер 2024 жылдың мамырына дейін тапсыруды жоспарлаған болатын. Алайда сатып алу кезінде қиындықтар туындап, қосалқы мердігер ұйымға қарыз болып қалды. Су құбырын салу жұмысы кешіктірілді. Себебі жобалық-сметалық құжаттамада кемшіліктер анықталып, құбырлардың диаметрі ескерілмеді және ауыл көшелерінің барлығы жобаға енгізілмеген. Түзетулерге байланысты құрылысты аяқтау мерзімі өзгерді. Біз мердігер ұйымдармен кездестік, нысандар барлық жұмыс аяқталғанға дейін партияның тұрақты бақылауында болады», - деді Айгүл Маликова.

Партия Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспановтың іс-сапары «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының БПҰ өкілдерімен кездесуімен аяқталды. Бейресми әңгіме форматында кәсіпкерлер мен өнеркәсіп жұмысшылары логистикаға, темір жол төсеуге байланысты мәселелерді талқылап, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, Ертіс-Баян өңірін абаттандыру бойынша проблемаларды қозғады. Мәди Оспанов партияластар форумдар, бейнеконференциялар, жеке кездесулер арқылы елдің ведомстволық құрылымдарының тікелей басшыларына барлық өзекті мәселе мен ұсыныстарды жақын арада жеткізе алатынын атап өтті.