Ақтауға сапар аясында Halyk басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мырзамен кездесті. Өңір басшысына Halyk жұмысының нәтижелері таныстырылды, сондай-ақ банктің және «Халық» қайырымдылық қорының Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобалары туралы ақпарат ұсынылды.
Halyk басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті
19,934
оқылды

2022-2023 жылдар кезеңінде банк пен «Халық» қоры білім, экология, мәдениет және спорт салаларындағы қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға бүкіл ел бойынша 43 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Өткен жылы Маңғыстау өңірі бойынша қайырымдылық жобаларына жалпы бюджет 610,5 млн теңгені құрады. 2023 жылы Маңғыстау облысында әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталған қайырымдылық көмек сомасы 3,5 млрд теңгеге дейін өседі.

Облыс әкімі Halyk банкінің өкілдеріне әлеуметтік жобаларды іске асыруда көрсеткен бастамасы үшін алғысын білдірді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында жергілікті атқарушы органдар өңірде қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін көп жұмыс істеуде. Біз коммерциялық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыратын барлық инвесторларды қолдауға дайынбыз, – деді облыс әкімі Ноғаев мырза.

Өз кезегінде Halyk басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова Маңғыстаудың республика экономикасы үшін аса маңызды мәнге ие екенін және банк облысты экономикалық жағынан мықты, гүлденген және заманауи өңірлік орталыққа айналдыруға өз үлесін қосып отырғанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда Halyk облыстағы ШОБ субъектілерінің 50%-дан астамын кредиттейді. Бұл – біз республика президентінің өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы аясында қолға алып отырған нақты қадамдар, бірақ біз мұнымен шектелмейміз. Біздің банк пен «Халық» қоры әлеуметтік күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысады. Өңір тұрғындарының қажеттіліктеріне жауап бере отырып, біз одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп бөлісті Halyk басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халық» қайырымдылық қоры арасында меморандумға қол қойылды, оған сәйкес Қор Бейнеу астық терминалының жұмысын қалпына келтіру жобасын қаржыландыруды, Жаңаөзен қаласында суды тұщыландыру қондырғысының құрылысын және Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында суды тұщыландыру зауытының құрылысын қаржыландыруды өзіне алады. Сондай-ақ келесі жылдың аяғына дейін Жаңаөзен қаласында денешынықтыру-сауықтыру кешенін және Маңғыстау облысында бірқатар балалар спорт-ойын алаңдарын салу жоспарлануда.