Бұл оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.
Оқу-жаттығуға қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштері зениттік-зымырандық кешендерінің жауынгерлік есептоптары да қатысады. Олардың әскери контингенті Жамбыл және Қарағанды облыстары арқылы өтеді.
ТМД-ға мүше елдердің біріккен ӘШҚҚ жүйесі шеңберінде оқу-жаттығуға жұмылған елдердің сыртқы шекараларын күзету бойынша бірлескен жауынгерлік кезекшілік жүзеге асырылмақ.
Аталған шара 1995 жылғы 10 ақпандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы келісімге сәйкес ұйымдастырылып отыр. Қолданыстағы жоспар бойынша оқу-жаттығу екі жылда бір рет өткізіледі.
Думан Жұмашұлы,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы