Отандық «Айқай» фи­льмі 4-13 қазан күндері Оңтүстік Ко­реяда өтетін әйгілі Пусан кинофес­ти­ва­лінің А Window on Asian Cinema («Азия ки­но­сына ашылған тере­зе») бағдар­ламасында көр­сетіледі.
«Айқай» Кореядағы кинофестивальде көрсетіледі
934
оқылды

Фильмнің режиссері – Кен­жебек Шайқақов. «Айқай» – оның екін­ші толықметражды жұмысы және Ұлттық киноны қолдау мем­ле­кеттік орталығының қолдауы­мен түсірілген алғашқы фильм.

«Халықаралық кинофес­ти­валь­дерде біздің фильмдерімізге де­ген сұраныс жоғары екенін кө­ріп отырмыз. Азиядағы ең ірі ки­но­фестивальдердің бірінде көр­се­тілетін «Айқай» кинокартинасы – осының дәлелі. Жалпы, киноин­дус­трия өкілдері және біздің ор­та­лық жұмысты бір жүйеге қойып, әр фильм өз мақсатын айқындауы тиіс. Бізге нақты нәтиже керек. Біз­ге фильмдеріміздің сөрелерде шаң басып жатқаны емес, олардың прокатқа шығуы, фестивальдерге қатысып, жетістікке жетуі маңыз­ды», – деді орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

«Айқай» фильмі көрерменге екі аяқсыз туған бас кейіпкердің өмірі арқылы ядролық жарылыс­тан зардап шеккен Семей поли­го­ны құрбандарының тағдырын жә­не анасынан айырылған бала­ның әкесіне жанашырлығын, қам­­қ­орлық жасауға деген талпы­ны­­сын баяндайды. Көркем фильм­нің тү­сірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өткен. Бас­ты рөлдерді Орынбек Шай­ма­­ған­­бе­тов, Арнұр Акрам, Ер­болат Әл­қо­жа, Бейнұр Бай­мұ­хам­бетов, Ерлан Малаев, Ай­бек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан сом­дай­ды.

Айта кетейік, Busan International Film Festival – 1996 жылдан бері жыл сайын Оңтүстік Корея­ның Пусан қаласында өтетін Азия­дағы ең ірі кинофестиваль­дердің бірі.