Орта кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту бөлігінде Президентіміз ең алдымен шағын бизнес субъектілерін ірілендіру үшін заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді тапсырды.
«Инвесторлар үшін тартымдысы – орта бизнес» –  Руслан Қожасбаев
462
оқылды

– Мемлекет басшысының «Әді­летті Қазақстанның эко­номика­лық бағдары» атты халыққа Жолдауы өнеркәсіптік саясат; аграрлық сектор және азық-түлік базасы; инфрақұрылымды жаң­ғыр­ту; көліктік-логистикалық әлеуетті іске асыру; цифрландыру, инно­вация және креативті индустрияны дамыту; орта кәсіпкерлік пен бә­секелестікті дамыту; макро­экономика­лық саясатты қайта жүк­теу; адами капиталды нығайту; тиімді мемлекеттік аппарат сияқты маңызды тоғыз бағытты қамтыды. 

Оның ішінде Орта кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту бөлігінде Президентіміз ең алдымен шағын бизнес субъектілерін ірілендіру үшін заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді тапсырды. Осы ретте бізге, яғни депутаттар тарапынан бар күш-жігерімізді салып, кәсіпкер­лік­ті дамытуға бағытталған заңдар­ды қабылдайтын боламыз. 

Айта кету керек, орта бизнес ша­ғын бизнеске қарағанда тәуе­кел­ге азырақ бейім. Өйткені олардың ресурстары мен қаржылық тұрақ­ты­лығы жоғары. Тиісінше, инвес­торлар мен несие берушілер үшін тартымдысы – орта бизнес. Мем­лекет шағын бизнесті орта санатқа ауыстыру жөнінде шаралар қабыл­дайтын болады. Нәтижесінде, орта бизнеске де мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.