Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды және тәжік халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Тоқаев Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
588
оқылды

– Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ынтымақтастық жаңа мән-мазмұнға ие болды және байланыстарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне толық сай келеді, – деп жазылған жеделхатта.  

 Президент бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты қарым-қатынасы алдағы уақытта екі елдің игілігі мен мүддесі үшін нығая беретініне сенім білдірді.  

 Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.