Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтіру туралы үкім шығарылды. Сот отырысында қылмыскердің сөзін тыңдай алмаған марқұмның ата-анасы шыдамай, оны ұрып жіберді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Түркістан облысында 5 жасар қызды айуандықпен өлтірген қылмыскердің сөзіне марқұмның анасы жылап жіберді
737
оқылды

Сот шешімімен қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталушының химиялық кастрация процедурасынан өтуі керек деп шешілді.

Өкініштісі, қылмыскер сот залында «Үкіммен келіспейтінін, жеңілдік сұрайтынын» айтты.

Мұны естіген қыздың ата-анасы сот залында зар қақсап жылап, оны ұрып жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға осы жылдың шілде айында Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында болған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер оның денесін ауыл тұрғындарының бірінің үйінен өлі күйінде тапты.