Оқиға орнында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің екі көлігі мен жеке құрамнан сегіз қызметкер аттанды.
"Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері аталған мекен-жайда жеті қабатты тұрғын үйдің шатырынан қабырғалары жақын орналасқан екі тұрғын үйдің арасындағы қуысқа баланың құлап, бірінші қабат деңгейінде қыстырылып қалғанын анықтады. ТЖД қызметкерлері күшімен 2006 жылғы жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда зардап шеккен бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр деп бағаланады", - деп жазды Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Зардап шеккен баланың тұрғын үйдің шатырында достарымен бірге ойнап жүргені, ата-анасының қарауынсыз болғаны да нақтыланады.