Ертең, 10 қыркүйекте Астанада футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландияны қабылдайды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчын қайдан көруге болады
758
оқылды

Қазақстан Солтүстік Ирландия матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен сағат  19.00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде  Qazsport  телеарнасынан көруге болады. Қазақстан құрамасында бес ойыннан кейін тоғыз ұпай бар, ал Солтүстік Ирландия бес ойыннан соң үш ұпай жинаған.

Магомед Адиев шәкірттері кейінгі матчында Финляндия құрамасынан 0:1 есебімен жеңілсе, солтүстікирландиялық футболшылар сырт алаңда Словения командасына есе жіберді – 2:4.