Өрттің шығу себебі – тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған.
Қызылорда облысында жүк көлігі толығымен жанып кетті
961
оқылды

Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті.

Оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырымында болды.

«Шиелі ауданынан Ресейге бет алған  Volvo FH  шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі – тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.